Мақтаарал ауданының тұрғындарына «Birgemiz» қорының қаржыландыруымен салынған 20 үйдің кілті табыс етілді

Мақтаарал ауданының тұрғындарына «Birgemiz» қорының қаржыландыруымен салынған 20 үйдің кілті табыс етілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы «Birgemiz» қоғамдық қоры есебінен салынған 20 үйдің құрылысы толығымен аяқталды.
19 қыркүйекте өңірге «Nur Otan» партиясының Бірінші орынбасары Б.Байбекпен бірге арнайы барған Қор төрағасы Р.Сакеев мамыр айында су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін Мырзакент кентінде салынған 20 үйдің кілтін тұрғындарға табыстау рәсіміне қытысты. Жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайтын газоблоктан салынған тұрғын үйлерді салуға Қор есебінен 340 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қордың қаржыландыруымен салынып жатқан тағы 12 үйдің құрылысы қараша айында аяқталатын болады.

Қор «КарТел» ЖШС (Beeline Қазақстан) көрсеткен қаржылық қайырымдылық көмегі үшін алғыс білдіреді.