Қор туралы

Жалпы ақпарат:

«Birgemiz» қоғамдық қоры  2020 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Қордың айналысатын қызметі:
– қайырымдылық, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру мен басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу;
-қоғам игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ақысыз көмек көрсету,

Қордың негізгі мақсаты:
– қайырымдылық мақсаттар мен әлеуметтік жобаларға бағыттау үшін ерікті жарналар мен түскен табыстың негізінде материалдық және қаржы көздерін қалыптастыру  мен пайдалану;
– жұртқа,  олардың ішінде коронавирус COVID-19 індетінен зардап шеккендері де бар азаматтарға атаулы және әлеуметтік қолдау көрсету, оның шеңберінде ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шараларды өткізу;
– ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп өткізген қайырымдылық және әлеуметтік акциялары, жобаларының шеңберінде қаржылық көмек көрсету;
– қайырымдылық қызметі шеңберінде тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру;
– азаматтарды қолдау мен қорғау,  олардың санатын Қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша Үкімет белгілеген  мұқтаж азаматтарға материалдық көмек (қайырымдылық) көрсету;
– заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылықтарын жинақтау.

Қор  қызметінің негізгі түрлері:
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың демеушілік, гуманитарлық және басқа да көмектерін іздестіру, табу және орнымен жұмсау.

Принциптері

Қордың негізгі принциптері

01

Ерікті жарналар мен қайырмалдық көмек

Барлық қайырымдылықты бизнес өкілдері тек жеке қаражаты есебінен ерікті түрде жасайды. Бюджеттік ұйымдардан, сондай-ақ жалақыдан аударымдар қабылданбайды

02

Адрестілік

Тікелей жеке қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары жандарға, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарға) көрсетіледі. Санаттар нақтылануда. Көмек елдің індет жұқтыру қаупі жоғары ірі қалаларының тұрғындарына беріледі

03

Көмектің әділдігі

Көмек алушылардың тізімін анықтауда субъективті пайымдаулар мен дауларды болдырмау үшін Қор заңнама талаптарына және мемлекеттік органдардың (министрліктер мен әкімдіктердің) ресми деректеріне сүйенеді

04

Қолма-қолсыз және байланыссыз көмек

Барлық төлемдер, транзакциялар, есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз үлгіде жүзеге асырылады, бұл қаржы жұмсалымдарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді

05

Қор қаражатының мақсатты жұмсалуы

Әкімшілік, ұйымдастырушылық шығыстары «Nur Otan» партиясының қайтарымсыз көмегі есебінен өтеледі

06

Үнемділік және тиімділік

Әлеуметтік және гигиеналық пакеттерге салынатын тауарлар бәсекелік негізде тауардың сапасы мен құнының оңтайлы қатынасы ескеріле отырып сатып алынады

07

Қазақстандық өндірушілерді қолдау

Әлеуметтік пакеттерді жасау үшін тауарлар, Қазақстанда жасалмайтын тауарларды қоспағанда, тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынады

08

Қордың қаражаты мен мемлекеттік бюджет арасының нақты ажыратылуы

Көмек заттай әлеуметтік пакеттер (азық-түлік себеті), қорғаныс құралдары (антисептиктер, маскалар, қолғаптар), қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен төленетін қажеттіліктер қаржыландырылмайды

09

Қордың ашық, айқын қызметі

Қор қызметінің ашықтығы мен айқындығы Қордың Басқармасынан жауапты тұлғаның күнделікті брифинг өткізіп, толықанды ақпаратты беруі, түскен қаржы мен көрсетілген көмек туралы есептерді тұрақты түрде жариялайтын арнайы сайт құру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар Қоғамдық қорда ұйым қызметінің өз жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кіретін Қамқоршылар кеңесі жүзеге асыратыны аталып өтті. Қаражаттың жұмсалуын Тексеру комиссиясы бақылайды